Сатушыларға арналған фотостудия

Kaspi үшін тауар фотосы бір минутта

Телефонға түсіріңіз — 1000×1000 ақ фон, интерьер немесе инфографика алыңыз.

Фонды алып тастау — тегін1000×1000Инфографика
Сұр фондағы қолдағы сөмке — телефоннан түсірілген сурет Ақ фондағы сол сөмке Бұрын Кейін
Телефоннан түсірілген суретӘдетте бір минутта
Көріңіз — 3 фото сыйлыққа Картасыз және дүкенді қоспай

Студия не істей алады

Бес әрекет — керегін таңдаңыз. Фонды алып тастау тегін және шектеусіз, қалғанын ЖИ жасайды.

Ақ фондағы артық ештеңесіз сөмкеТегін
Фонды алып тастау1000×1000 ақ шаршы бірнеше секундта
Студиялық жарықтағы ақ фондағы сөмке10 кредит
Студиялық фотоБіркелкі жарық, таза ақ фон
Интерьердегі тас үстелдегі сөмке10 кредит
Жаңа фонПодиум, мәрмәр, ағаш, ас үй
Кафедегі қыздың иығындағы сөмке10 кредит
Өз сөзіңізбенКадрды фотографқа айтқандай сипаттаңыз
Артықшылық жазулары бар сөмкеКадрына 10 кредит
ИнфографикаОрыс немесе қазақ тіліндегі жазулары бар төрт кадрға дейін

Бұл қалай жұмыс істейді

  1. Тауарды түсіріңізТелефонға, толық, күндіз терезе жанында.
  2. Не істеу керегін таңдаңызАқ фон, интерьер, өз сөзіңізбен немесе инфографика.
  3. Бір минут күтіңізҰнамаса — басқа нұсқасын сұраңыз.
  4. Жүктеп алып, салыңызКәдімгі файл — Kaspi-ге немесе кез келген алаңға. Дайын фотолар 30 күн сақталады.

Бағасы қанша

3
фото сыйлыққаПоштамен тіркелгеннен кейін. Карта қажет емес.
10 фотоБір фото 149 ₸1 490 ₸
30 фотоБір фото 133 ₸3 990 ₸
Ең тиімді100 фотоБір фото 120 ₸11 990 ₸

ЖИ-дің бір фотосы — 10 кредит, фонды алып тастау — тегін. Сатып алынған кредиттер күймейді, фото су белгісіз.

Әзірге төлем аударыммен: пакетті таңдап, толтыру экранындағы деректемелер бойынша соманы аударыңыз да, өтінім жіберіңіз. Төлем тексерілгеннен кейін кредиттер балансқа түседі, сізге хат келеді. Балансты сайтта және Android қосымшасында толтыруға болады.

Кез келген маркетплейске және Kaspi-ге

Фото кәдімгі файл болып жүктеледі — оны кез келген алаңға, каталогқа немесе әлеуметтік желіге салыңыз.

Kaspi-де сатсаңыз, дүкенді Satushy-ге қосыңыз: сонда дайын фотоларды «Карточкалар» бөлімінде тауар карточкаларына қосу ыңғайлы.

Жиі қойылатын сұрақтар

Kaspi-де дүкен керек пе?

Студия үшін поштамен тіркелу жеткілікті. Фотоларды Kaspi карточкаларына сервистен тікелей қосқыңыз келсе, дүкен керек болады.

Фото Kaspi-ге жарай ма?

Иә: 1000×1000 ақ шаршы — Kaspi басты фотоға дәл осы өлшемді сұрайды. Интерьердегі кадрлар мен инфографиканы карточкаға келесі фото етіп қойыңыз.

Қанша күту керек?

Фонды алып тастау — бірнеше секунд. ЖИ фотосы әдетте бір минутта дайын болады.

Қанша фотоны тегін жасауға болады?

Фонды алып тастау тегін және шектеусіз. ЖИ фотолары — үшеуі сыйлыққа, төрт ақылы әрекеттің кез келгені. Сыйлық бір аккаунтқа бір рет беріледі.

Нәтиже ұнамаса ше?

«Басқа нұсқа» түймесін басыңыз — студия фотоны қайта жасайды. Әр нұсқа жаңа фото сияқты тұрады.

Телефоннан және басқа маркетплейстер үшін жұмыс істей ме?

Иә: телефон мен компьютердегі браузерде, сондай-ақ Satushy қосымшасында. Фото — кәдімгі файл, кез келген алаңға жарайды.

Қалай төлеуге болады?

Толтыру экранындағы деректемелер бойынша аударыммен. Төлем тексерілгеннен кейін кредиттер балансқа түседі және сізге хат келеді.

Алғашқы фотоны дәл қазір жасаңыз

Тіркелгеннен кейін үш фото сыйлыққа. Тек пошта керек.

Фотостудияны ашу